Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 12 мамырында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының (бұдан әрі – Фестиваль-байқауы) облыстық кезеңін Өскемен қаласында офлайн форматта өткізеді.
Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8 - 17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға өтінімдерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың 5 мамырына дейін жіберу қажет.