1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі - фестиваль-байқау) қашықтықтан өткізу ережелерін, оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») болып табылады.
1.3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
2. Фестиваль-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- фестиваль-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- фестиваль-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
-конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- фестиваль -байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Фестиваль-байқау 2023 жылдың 12 мамырда офлайн форматта өткізіледі.
3.2. Өткізілетін орны мен уақыты кейінірек хабарланады.
3.3. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған фестиваль-байқауға қатысу үшін өтінімдерді (1-қосымша) 2023 жылдың 5 мамырға дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
3.4. Өтінімде келесі ақпараттар көрсетіледі:
ұжым атауы, спектакль атауы, жанр бағыты, шығарма авторы, спектакльдің ұзақтығы, қатысушының Т.А.Ә., туған күні, оқу орны, сыныбы, жетекшінің аты-жөні, жұмыс орны, ұялы телефоны.
4. Фестиваль-байқауға қатысушылар
4.1. Облыстық фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8 -17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
4.2. Театр ұжымы қатысушыларының жалпы саны - 8 адам болу керек (командаларда басқа қатысушылар саны жарысқа қатысуға жіберілмейді).
4.7. Байқауды өткізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
4.7.1. Байқау басталар алдында модераторларға би нөмірлерінің музыкалық сүйемелдеуін ұсыну қажет. Электрондық баннерлерді демонстрациялау мүмкін (міндетті емес).
4.7.2. Байқауға қатысушыларды сахнаға ұйымдастыру комитетінің модераторлары қойылымға дейін кемінде 1 (бір) нөмір бұрын шақырады.
4.7.3. Әр команда белгіленген уақытта қатаң түрде келеді.
4.7.4. Байқау барысында сахнада да, залда да мәдениет сақтау қажет.
5. Фестиваль-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4)«Қуыршақ театры».
5.2. Ұжым мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін қазақ немесе орыс тілдерінде байқау жұмыстарын ұсынады (ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс).
5.3. Спектакльді ұсыну кезінде кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған, ескі фонограммаларын пайданалуға жол берілмейді.
5.4. Театрлық қойылымдарды бағалау өлшем шарттары:
режиссерлік шешімнің ерекшелігі;
қойылымның ұжымның жас ерекшеліктеріне және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
спектакльді, қойылымды көркемдеп сәндеуі;
спектакльді, қойылымды музыкалық әрлендіруі;
орындаушылардың актерлік шеберліктері;
орындау шеберліктері (дикциясы, екпіндеу тазалығы, әртістігі);
жасалған сахналық бейненің шынайылығы.
6. Фестиваль-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Жеңімпаздар Гран-при, I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға фестиваль-байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.
7. Фестиваль-байқаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
7.1. Қалалар мен аудандардың білім бөлімі тағайындаған топ басшысы Фестиваль-байқаудың өтіу кезінде қатысушылардың қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауы үшін, сондай-ақ Фестиваль-байқау өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін дербес жауапты болады.
7.2. Әрбір қатысушы Фестиваль-байқау өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады.
8. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
8.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
8.2. Фестиваль-байқауға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен төленеді.