+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының қорытындысы
31 Қаң, 18:04

2023 жылдың 31 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.

Облыстық айтыстың мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, тума таланттарды анықтау, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.

Аталмыш іс шараға аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен жүлдегер болған13 оқушы қатысты.

Жас ақындарды білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына Шығыс Қазақстан облысының ақындары мен жетекші оқу орындарының ғалымдары  кірді.

Айтыстың қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей  жүлделерге ие болды:

Бас жүлде – Ермеков Әли (Тарбағатай ауданы, «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ, 10 сынып);

І орын – Асылбек Аймерей (Өскемен қаласы, Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ, 10 сынып);

ІІ орын – Балғабаева Айғаным (Зайсан ауданы, «Көгадай орта мектебі»  КММ, 9 сынып);

ІІ орын – Силамбек Руслан (Өскемен қаласы, Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ, 8 сынып);

ІІІ орын – Қайырбекова Кәмшат (Тарбағатай ауданы, «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ,  8 сынып);

ІІІ орын – Қалиолда Мақсат (Зайсан ауданы, «Қаратал орта мектебі» КММ, 7 сынып);

ІІІ орын – Тілеубек Тасқынбек (Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ, 9 сынып);

ІІІ орын – Азимбаев Ермахан (Күршім ауданы, «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, 9 сынып).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің Бас жүлде иегері және  І орын иегері  Ермеков Әли мен Асылбек Аймерей ағымдағы жылғы ақпанда өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!