Бүгін республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңі бастау алды.
Олимпиада 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында тірек мектептерінің базасында кестеге сәйкес электронды форматта «EL UMITI цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде прокторинг жүйесін қолданумен өткізіледі.
«Математика» пәнінен облыстың 310 оқушысы, «Физика» пәнінен 263 оқушы қатысты.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін оның өту процесі тікелей эфирде Youtube-каналда жүргізілді. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін Олимпиада өткен орындарда тәуелсіз бақылаушылар ретінде ата-аналар қауымдастығының, өңірлік жастар орталығының, білім басқармасының өкілдері қатысты.
Олимпиада 31 қаңтарда «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі», «Неміс тілі», «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерінен жалғасады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!