Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылғы 27–29 қаңтар аралығында Өскемен қаласында спорттық бағдарлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ қысқы Гимназиадасы өтті.
Команда құрамы: 8 ұл, 8 қыз. MW12 (2011-2012), MW14 (2009-2010), MW16 (2007-2008), MW18 (2005-2006)әр командада 2 адамнан.
Жарыс бағдарлау федерациясының ережелеріне сәйкес келесі ережелер бойынша өткізілді: орташа қашықтық және спринт.
Жарысқа Өскемен қаласы (2 команда), Шемонаиха ауданы, Күршім ауданы және Глубокое ауданы командалары қатысты.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Ұлдар арасында:
1 орын - Өскемен қаласының құрама командасы;
2 орын - Шемонаиха ауданының құрама командасы;
3 орын – Глубокоеауданының құрама командасы.
Қыздар арасында:
1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
2 орын – Глубокое ауданының құрама командасы;
3 орын – Шемонаихаауданының құрама командасы.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!


