+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Глубокое ауданындағы өткен ШҚО білім басқармасының күндеріне ШҚӨҒП «Дарын» орталығының қатысу қорытындысы
20 Қар, 07:43

2012 жылдың 15қарашасында Глубокое ауданында «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының күндерінде «Өмір бойы - оқу»» тақырыбында кезекті көшпелі оқу семинары өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауындағы белгіленген Қазақстан Республикасының 2012-2020 ж.ж. білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, облысымыздағы білім берудің негізгі басымдықтарын іске асыру.

Шараның өту аясында ШҚӨҒП «Дарын» орталығы «Жас таланттар» секциясын өткізді. Оның мақсаты – дарынды оқушыларды айқындау және дамыту үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

1..Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және қорытындылау.

2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістері мен түрлерін жүзеге асыру арқылы білім беру сапасын жақсарту.

3. Әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға аудан оқушыларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

4. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

5..Облысымыздағы жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты орнату бойынша қызметтестікті жүзеге асыру.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, п.ғ.д. – А.Б. Мырзағалиева биология пәні бойынша, химия кафедрасының доценті, п.ғ.д. – Д.А. Нұрғалиева химия пәні бойынша оқушылар мен мұғалімдерге шеберлік сыныбын жүргізді. Ғылыми кенес берулерді дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектептің шығармашылықпен айналысатын мұғалімдері Е.Ю. Потанина (математикадан), А.Л. Красавина (физикадан) өткізді.

Сабақ барысында олимпиадалық тапсырмаларды шешу, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелер талқыланды. Оқушыларға арналған шағын олимпиада өткізілді. Жеңімпаздарға грамоталар табыс етілді. 

Биологияпәні бойынша шағын олимпиаданың жүлдегерлері:

1 орын – Құсайынов Бахтияр – Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылдық ОМ 10 сынып оқушысы;

2   орын – Криворучко Наталья – Кожохов ОМ 11 сынып оқушысы;

3орын – Қабланов Ильяс – Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылдық ОМ 10 сынып оқушысы. 

Химия пәні бойынша шағын олимпиаданың жүлдегерлері:

2  орын – Рыльская Ирина – Опытнопольск ОМ 11 сынып оқушысы;

3орын – Қырықпаева Галима – Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылдық ОМ 11 сынып оқушысы;

3 орын – Жарнов Константин – Ы.Алтынсарин ат. ОМ 11 сынып оқушысы.

«Жас таланттар» секциясының бір бағыты Глубокое ауданындағы мектептердің психологтарымен жұмыстарды ұйымдастыру болды. ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының психологы Е.С. Сафронова өткізген «Дарынды оқушының суреті» іскерлік ойыны қатысушылардың үлкен қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырды.

Барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп осындай жүйедегі шаралардың өткізіліп тұруына, келешекте дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі жинақталған тәжірибелермен алмасуға тілектерін білдірді.