+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шаңғы жарысынан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы Гимназиадасының қорытындысы
27 Қаң, 17:40

2023 жылғы 24-27 қаңтар аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында шаңғы жарысынан ШҚО мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы Гимназиадасының облыстық кезеңі өтті.

Негізгі мақсат - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Облыстық жарыстарға Өскемен қаласының, Глубокое, Зайсан, Күршім, Шемонаиха аудандарының командалары - мектепішілік және қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Жарыс 2005 жылы туған және одан кіші оқушылар арасында FISH халықаралық федерациясының ережелері бойынша «Коньки тәсілі» және «Классикалық тәсілі» сайысы бойынша жеке-командалық ретінде өткізілді.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болғандар:

Қыздар:

1 орын – Глубокое ауданының құрама командасы;

2 орын – Күршім ауданының құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласының құрама командасы.

Ұлдар:

1 орын – Глубокое ауданының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

3 орын – Күршім ауданының құрама командасы.

 

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!