+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Халықаралық «British Bulldog» ойын конкурсын өткізу туралы
20 Қар, 06:09

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясының институтыжәне British Institutesпен бірлесіп, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарыны арттыру, тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау, шет тілдер бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды белсендіру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы 19 желтоқсанда алтыншы «British Bulldog» конкурсын өткізеді.

Конкурсқа қатысушыларға 75 минутта түрлі деңгейлердегі 60 сұраққа жауап беру ұсынылады. Тапсырмалар тіл қызметінің әр түрін (грамматиканы, лексиканы білу, мәтінді, байланыстыра сөйлеуді түсіну)  қамтитын 10 сұрақтан тұратын 6 блокқа бөлінеді.  Алғашқы 10 сұрақ – байланыстыра сөйлеуге арналған тапсырмалар. Қатысушылар мәтінді 2 рет тыңдағаннан кейін берілген 10 сұраққа жауап береді.

Тапсырмалар жас ерекшелігіне байланысты төрт топқа бөлінген: 3-4, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар. Конкурс ерікті түрде ақылы – 500 теңге. Қатысуға тапсырыстар қағаз және электронды түрде көрсетілген нұсқау бойынша (MS EXCEL форматында) төленген ақының түбіртегімен қоса ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында қабылданады. Тел\факс 8\7232\ 552-112; эл.адрес: vk_daryn@mail.ru

Қала/аудан

Барлық қатысушылар саны

Мектеп

Сыныптар бойынша қатысушылар саны

 

 

 

 

3-4

5-6

7-8

9-11

 Ескерту: конкурсқа тапсырыс көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды.

 Реквизиты:конкурса «British Bulldog»

РГКП РНПЦ «Дарын»

РНН 600900131236     ИИК KZ566010111000021443  БИК HSBKKZKX

«Народный банк Казахстана» г.Астана     КБЕ 16   КНП 861