+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын өткізу туралы
25 Қаң, 12:47

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады:

1. Мектепішілік кезеңі (әр сыныптан 8 оқушы) – ағымдағы жылдың 3 ақпаны күні;

2. Аудандық (қалалық) кезеңі (әр мектептен 3 оқушыдан) - ағымдағы жылдың 24-25 ақпаны күндері;

3. Облыстық кезең - ағымдағы жылдың сәуір айында өткізіледі.

Мектепішілік кезеңге тіркелу https://forms.gle/GUT4bmq58PAMSZEaA сілтемеcі  арқылы 2023 жылғы 27 қаңтар сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Қосымша ақпаратты 8(7232)-70-02-44 нөмірі арқылы білуге болады.