Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 21-23 қаңтары аралығында Өскемен қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ШҚО мектеп оқушылары арасындағы ХІ қысқы гимназиадасы өтті.
Облыстық жарыстарға 2005 жылы туған және одан кіші 73 оқушы - мектепішілік және қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Жарыс пневматикалық мылтық ату, күштік гимнастика және шаңғы жарысы сайысы бойынша өткізілді.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болғандар:
Қыздар:
1 орын – Күршім ауданының құрама командасы;
2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
3 орын – Глубокое ауданының құрама командасы.
Ұлдар:
1 орын – Күршім ауданының құрама командасы;
2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
3 орын – Глубокое ауданының құрама командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!


