+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Бүгінгі зерттеу, ертеңгі күні ғылымға жасалған қадам» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференциясыңдағы ШҚО оқушысының жеңісі
20 Қаң, 17:33

2023 жылдың 16-19 қаңтары аралығында Өскемен қаласының «Жас техниктер станциясы» КМҚК «STEAM-зертхана» үйірмесінің оқушысы Ушивец Артем «Бүгінгі зерттеу, ертеңгі күні ғылымға жасалған қадам» атты Халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференцияға қатысты.

Жобаның жетекшісі - Смирнов Артем Валерьевич, Жас техниктер станциясының қосымша білім беру педагогы.

Конференцияның ұйымдастырушысы – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ.

Конференция қорытындысы бойынша Ушивец Артем «Өрт-сөндіруші автобус-электромобилінің қолданыстағы моделі» атты тақырыптағы жобамен жеңімпаз атанып, І дәрежелі диплом алды.

Артем 2022 жылы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің жеңімпазы болып табылады.

Артёмді құттықтаймыз, сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!