І.Ұлттық спорттық лиганы өткізудің мақсаты мен міндеттері
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлттық спорт лигасының өткізу туралы ереже 2022 жылы Ұлттық спорт лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық Регламентпен сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже Ұлттық спорт лигасының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
3. Ұлттық спорт лигасы келесі мақсаттарда өткізіледі:
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ТжКОБ) студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету;
- үздік студенттік командаларды анықтау;
- спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.
II. Ұлттық спорт лигасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4. Ұлттық спорт лигасының дайындығы мен өткізілуіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») жүзеге асырады.
5. Ұлттық спорт лигасының колледжішілік кезеңін өткізу жауапкершілігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директорларына жүктеледі.
6. Облыстық жарыстарды өткізу ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.
7. Жарыстарға қатысуға рұқсатты мандаттық комиссия жүзеге асырады.
8. Ұлттық лигаға қатысуға спорт түрлері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының құрама командалары - бірінші кезеңнің (колледжішілік) жеңімпаздары жіберіледі.
9. Ұлттық лигаға қатысуға 21жастан аспаған күндізгі оқу бөлімінің студенттері жіберіледі.
10. Сырттай оқитын, демалыстағы студенттер Ұлттық лигаға қатыса алмайды.
11. Ұлттық лиганың қатысушысы өзі білім алып жатқан ТжКОБ ұйымыүшін ғанақатыса алады.
12. Ұлттық лиганың 2-ші облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдер жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес (1-қосымша) ТжКОБ директорларының қолымен ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, 302 каб., e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz.
13. Ұлттық лигаға қатысуға рұқсат алу үшін әрбір команда Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1) өтініш берушілер туралы толық деректер көрсетілген электрондық форматтағы белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша), дәрігердің қолымен және медициналық мекеменің мөрімен, ТжКОБ ұйымы директорының қолымен және мөрімен куәландырылған анықтама;
2) жарысқа әрбір қатысушы үшін жазатайым оқиғалардан өмірімен денсаулығын сақтандыру туралы шарттардың электрондық форматтағы көшірмесі;
3) жол жүру және жарыс кезінде қатысушылардың өмірінің қауіпсіздігі үшін команда өкілдерінің жауапкершілігі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығы.
14. Ұлттық лигаға қатысу үшін әрбір студент келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) жеке куәлік немесе электрондық форматтағы паспорт (PDF);
2) белгіленген үлгідегі қатысушы туралы мәліметтер (2 қосымша);
Рұқсат беру жөніндегі комиссиядан өту қорытындысы бойынша командаға жіберілген қатысушыларды көрсете отырып, кезеңдеуәкілетті өкілдің қолымен куәландырылған өтінімнің бір данасы беріледі.
14. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда қатысушыларға Ұлттық лигаға қатысуға рұқсат етілмейді. Қатысушы жарысқа қатысуға рұқсатты жетіспейтін құжаттардың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана алады.
15. МК-ға барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған кез-келген команда Ұлттық лиганың облыстық кезеңінен шығарылады.
16. Оқытушы-бапкер жол жүру және жарыс күндері спортшылардың өміріне, қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты болады.
17. Жарыс барысында қайта өтінім беруге төрешілер алқасы спорт түрлері бойынша жарыс ережелеріне сәйкес командалар құрамындағы жарыстарға мәлімдеген және жіберген қатысушылардың есебінен рұқсат етіледі.
III. Ұлттық лиганың өтетін орны мен мерзімі
18. Ұлттық спорт лигасы жарыстарды өткізу кестесіне сәйкес екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең - колледжішілік (қараша-қаңтар);
2 кезең – облыстық (ақпан-наурыз, Өскемен қаласы).
Ұлттық спорт лигасы 1 кезеңін (колледжішілік) өткізу туралы есептер ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, 302 каб., e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайына жіберіледі.
Ұлттық спорт лигасының жарыс түрлері бойынша облыстық жарыстары халықаралық ережелер бойынша өткізіледі.
19. Ұлттық спорт лигасының бір қатысушысы бір спорт түріне қатыса алады.
Ұлттық спорт лигасының түрлері:
- Волейбол (ұлдар);
- Волейбол (қыздар)
- Баскетбол (ұлдар);
- Баскетбол (қыздар);
- Шағын футбол (ұлдар);
- Шағын футбол (қыздар);
- Үстел теннисі (ұлдар, қыздар);
- Тоғызқұмалақ (ұлдар, қыздар);
- Қазақ күресі (ұлдар, қыздар);
- Жеңілатлетикалық кросс (ұлдар, қыздар).
Колледждер арасындағы ұлттық спорт лигасының спорт түрлері бойынша спорттық жарыстардың кестесі (3 қосымша).
Колледждер арасында спорт түрлері бойынша Ұлттық спорт лигасының жарысын өткізу шарттары (4 қосымша).
IV. Марапаттау
21. Жекелеген спорт түрлерінен 1-2-3 орын алған ТжКОБ құрама командалары кубоктармен және дипломдармен марапатталады.
22. Жекелеген спорт түрлерінен финалдық жарыстарда 1-2-3 орын алған қатысушылар Ұлттық спорт лигасының медальдарымен, тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
V. Ұлттық спорт лиганы қаржыландыру
23. Іс-шараны қаржыландыруды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырады.
24. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын формасын және допты сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым төлейді.