+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
16 Қаң, 17:29

1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Мағжан оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын») ұйымдастырушылар болып табылады.

1.3. Мағжан оқуларының мақсаты  Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы»  Заңын  жүзеге  асыру  аясында  жалынды  ақын  Мағжан  Жұмабаев  мұрасын  жас  ұрпаққа  насихаттау және ұлттық құндылықтарлы дәріптеу.

Міндеттері: өскелең ұрпаққа ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылыққа баулу, жаңа буынның  интеллектуалдық  пайым-парасатын  арттыру, дарынды  оқушыларға  қолдау  жасау.

2. Мағжан оқуларының қатысушылары

2.1. Мағжан оқуларына оқыту тіліне қарамастан, жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сыныптарының аудандық,қалалық кезеңдердің жеңімпазы атанған оқушылары қатыса алады.

2.2. Әр аудан, қала және облыстық білім мекемелері облыстық кезеңге әр номинациядан 1 оқушы, барлығы 3 оқушыдан ұсынады.

3. Мағжан оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    3.1. Мағжан  оқулары  үш  номинация  бойынша  өткізіледі:

3.1.1. «Өлең – менің  Шолпаным,  Айым,  Күнім» номинациясы - Мағжан  шығармаларын  жатқа  оқу  конкурсы (Қатысушы өзі жатқа білетін Мағжан шығармаларының тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет) 1 қосымша.

3.1.2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы - ғылыми жоба жұмысы (Мағжан  Жұмабаевтың  шығармалары  бойынша  зерттеу  жұмыстары) 1, 2 қосымша.

 3.1.3«Ақын  да  бір  бала  ғой  айға  ұмтылған» номинациясы  - жас  дарындар  конкурсы.  (Өз  шығармаларын  орындау, қатысушы  өз  шығармаларының  жинағын  конкурс басталғанға дейін  тапсыруы  тиіс) 1 қосымша.

3.2. Мағжан оқулары 3 кезеңде өткізіледі:

        1 кезең - аудандық, қалалық;

        2 кезең - облыстық;

        3 кезең - республикалық (а.ж. сәуірі).

Облыстық кезеңнен әр бағыт бойынша бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

3.3. Мағжан оқуларының өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.4. Ұйымдастыру комитеті Мағжан оқуларының қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, ісшараның өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

3.5. Қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан және аға оқытушыларынан, облыстық орталықтардың қызметкерлерінен, жазушы журналистерден тұрады.

3.6. Қазылар алқасы:

3.6.1. Қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді, талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды;

3.6.2. Қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

3.6.3. Жеңімпаздарды  анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.

3.7. Мағжан оқуларының облыстық кезеңі 2023 жылдың мамырының екінші онкүндігінде Өскемен қаласында өткізіледі. Мағжан оқуларына қатысу үшін сұранысты ережеге сәйкес ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың сәуірінің бірінші онкүндігіне дейін texno_otdel@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

4. Қорытындылау және марапаттау

4.1. Мағжан оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жүлделі орын алмаған оқушыларға сертификат беріледі.

5. Мағжан оқуларын қаржыландыру

5.1. Мағжан оқуларын қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.

5.2. Облыстық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (келу - қайту жолы, жататын орны мен тамақтануы) жіберуші жақ есебінен төленеді.

1 қосымша

Конкурсқа қатысушылар туралы өтінім

(кестеге ұсынылуы тиіс)

«Өлең – менің  Шолпаным,  Айым,  Күнім» номинациясы бойынша

Оқушының аты-жөні

Қаласы, ауданы

Мектебі

Сыныбы

Номинациясы

Дайындаған мұғалімнің аты-жөні (толығымен), жұмыс орны, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

Жатқа орындайтын шығармалар тізімі:

1.

2.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы бойынша

Оқушының аты-жөні

Қаласы, ауданы

Мектебі

Сыныбы

Ғылыми жоба тақырыбы

Дайындаған мұғалімнің аты-жөні (толығымен), жұмыс орны, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

«Ақын  да  бір  бала  ғой  айға  ұмтылған» номинациясы бойынша

Оқушының аты-жөні

Қаласы, ауданы

Мектебі

Сыныбы

Дайындаған мұғалімнің аты-жөні (толығымен), жұмыс орны, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

          Шығарған өлеңдер тізімі:

          1.

 

2 қосымша

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясына қойылатын талаптар

Зерттеу жұмысының құрылымы:

а) тақырыбы

ә) өзектілігі

б) мақсат, міндеттері

в) әдіс-тәсілдері

г) жаңашылдығы

ғ) күтілетін нәтижесі

д) нәтижені талқылауы, қорытындылауы

ж) ұсыныстардың берілуі

з) пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеуге ұсынылатын өлеңдер

1. «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абай»

2. «Өнер – білім қайтсе табылар»

3. «Туған жерім - Сасықкөл»

4. «Сырдағы алашқа»

5. «Мәңгілік ел»

6. «Өткен – аяулы»

7. «Сүйемін»

8. «Шолпы»

9. «Анама»

10. «Әже»

11. «Жел»

12.  «От»

Зерттеу жобасына қойылатын талаптар:

- жас зерттеушілер тақырыпқа байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектерін цитата түрінде немесе сілтеме жасап қолдануға болады;

- талдаулар бүгінгі күнгі жастардың танымы тұрғысынан ерекшеленуі керек;

- мәселені шешуде автордың өзіндік көзқарасы танылуы керек;

- зерттеу тақырыбының өзектілігі;

- жұмысты қорғау 5 минуттан аспауы керек;

- көлемі – 10-12 бет.