Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 қаңтар күні Өскемен қаласында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирі өткізіледі (бұдан әрі - Турнир).
Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді өткізудің мақсаттары - арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Турнирге берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатыса алады.
Команда құрамы: 7 адам – 2 ұл, 2 қыз, 1 бапкер, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі: 15-21 жас, 22 жас және одан жоғары.
Өтінім қатаң түрде нысан бойынша (1 - қосымша) рәсімделеді, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (MӘМ), арнайы мектептердің директоры қол қояды. Өтінімдер 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін (сканерленген) мына электрондық мекенжайға жіберіледі: sporturizm@shygysdaryn.kz.
Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.
Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:
1) қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
2) оқу орнынан анықтама.