+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы
12 Қаң, 12:00

А.ж. 12-13 қаңтар аралығында тәрбие жүйесінің негіздерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және тарату мақсатында Алматы облысы білім басқармасының мамандандырылған ұйымдарының базасында «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбында кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтуде.

Оған «Дарын» өңірлік орталықтарының өкілдері, республиканың мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысуда.

Бүгін Сүлейман Демирел атындағы университет базасында оқу-әдістемелік кеңестің жұмысын ашқан пленарлық отырыс өтті. Бағдарламаға сәйкес кеңес қатысушылары білім беру жетістіктері көрмесінде Алматы облысының мамандандырылған мектептері ұсынатын дарынды балалармен жұмыстың перспективалық нысандарымен таныса алады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында әр қатысушыға дарынды балалармен жұмыста инновацияларды одан әрі жүйелеудің белгілі бір алгоритмін алуға мүмкіндік беретін мамандандырылған мектептердің авторлық бағдарламалары, жұмыс тәжірибесі ұсынылатын болады.