+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында қысқы Гимназиадасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
12 Қаң, 11:52

1. Жалпы ережелер

1.1. Шығыс Қазақстан облысының оқушыларға арналған XI қысқы Гимназиадасын өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Гимназиада) 2022-2023 оқу жылындағы Гимназиаданың жарыс түрлері туралы Республикалық ережесіне сәйкес әзірленді. 

1.2. Осы Ереже Гимназияның мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны жүргізу және қаржыландыру тәртібін айқындайтын болады.

1.3. Гимназиада келесі мақсатта өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығын, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылға арналған күнтізбелік жоспарын іске асыру;

2) дене шынықтыру мен спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) оқушыларды дене шынықтыру мен және спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен үнемі айналысуға тарту;

4) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы нашақорлыққа, темекі шегуге, экстремизмге қарсы күресті күшейту;

5) ауқымды халықаралық және республикалық жарыстарға, турнирлар мен чемпионаттарға қатысу үшін команда құрамына талантты спортшыларды іріктеу және дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.

2. Гимназиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Гимназиаданың дайындалуына және өткізілуіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») Гимназиаданың бағдарламасына сәйкес (1-қосымша) жүзеге асырады.

2.2. Гимназиаданың 1 кезеңін өткізуге басшылық ету және жауапкершілік аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, спорт бөліміне жүктеледі. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанынан Гимназиада өтетін орындарда жарыстарды сапалы өткізу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, спорт бөлімдерінің және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінен ұйымдастыру комитеттері құрылады.

2.3. Облыстық жарыстарды өткізу ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.

2.4. Жарысқа қатысуға рұқсатты мандаттық комиссия жүзеге асырады.

2.5. Облыстық жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының құрама командалары қатысады.

2.6. Гимназиада жарыстарының барлық кезеңдеріне қатысуына 2005 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

2.7. Аудандар мен қалалар оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спортшыларды облыстық жарыстар өтетін жерге және кері қарай іссапарға жіберу бойынша шығыстарды көтеретін жағдайда спорт интернаттары оқушылары оларды оқуға жіберген аудандар мен қалалар атынан қатысады.

2.8. Спортшылардың жарыстарға, аудандар мен қалалардың қатысуы бойынша даулы мәселелерді болдырмау мақсатында олардың алдын ала өзара келісілуі қажет. Ондай жағдай туындаған кезде аудандар мен қалалардың өкілдері мандаттық комиссияның отырысына растау құжаттарын (жарысқа қатысу туралы Бұйрық, спорттық интернатқа қабылдану туралы бұйрық және басқалар) ұсынылуы тиіс.

2.9. Гимназиадаға қатысу туралы өтінімдер аудандық және қалалық білім бөлімдерімен ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына sporturizm@shygysdaryn.kz. мекенжайы бойынша 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін жолданады.

2.10. Жарыстарға қатысу үшін командалар мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) Гимназиадаға қатысуға дәрігер және білім беру саласындағы тиісті атқарушы билік органы растаған өтінім (бірыңғай және әрбір спорт түріне) (2 қосымша);

2) қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);

3) оқушының аталған оқу орнында, спорт мектебінде оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (3 қосымша);

4) қатысушының сақтандыру полисі;

2.11. Жаттықтырушы-оқытушы жол бойында және жарыс күндерінде спортшылардың өмірі, қауіпсіздігі және денсаулығы үшін жауап береді. Бапкерлер мен командалардың қатысушылары Өскемен қаласына күндізгі уақытта ғана жол полициясының сүйемелдеуімен барады.

2.12. Жарыс барысында қайта өтінім беруге төрешілер алқасы спорт түрлері бойынша жарыс ережелеріне сәйкес командалар құрамындағы жарыстарға мәлімдеген және рұқсат берген қатысушылардың есебінен рұқсат етіледі.

3. Гимназияданы өткізу шарттары

3.1. Гимназияда екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – мектепішілік, аудандық (қаңтар);

2 кезең – облыстық (қаңтар- ақпан);

3.2. Гимназиаданың спорт түрлері бойынша облыстық жарыстары халықаралық ережелер бойынша өткізіледі.

3.3. Аудандар мен қалалар командаларының құрамында спортшылардың өнер көрсетуі, сондай-ақ спорт түрлерін қоса атқару үшін қатарлас сынақ қарастырылмайды.

-3.4. Екі және одан да көп командаларда ұпай саны тең болған жағдайда, спорт түрлерінде (спорттық ойындарды қоспағанда) командалық біріншілікті анықтау кезінде басымдыққа спорттың міндетті түрлерінде бағдарламаның жеке нөмірлерінде бірінші, екінші және т.б. орындарға көп команда ие болады.

3.5. Спорт түрлері бойынша командалық, жеке біріншілікті анықтау үшін ұпайларды есептеу кесте бойынша жүргізіледі (4 қосымша).

3.6. Команда орындары 1-ден 19-ға дейін жинаған ұпай саны бойынша,№ 1 кесте бойынша анықталады.

3.7. Екі немесе одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, ұтылған және тең кездесулердің саны бойынша өзара ойындардың нәтижелері бойынша команда басымдыққа ие болады.

3.8. Облыстық жарыстарда анықталады:

1) бағдарламаның әрбір нөмірінде жеке біріншілік кемінде осы түрдегі 4 спортшының қатысқан жағдайында;

2) спорт түрлерінен командалық біріншілік 5 команданың қатысуымен жиналған ұпай жиынтығы бойынша анықталады;

3) Гимназиада қорытындысы бойынша аудандар мен қалалар құрама командаларының жалпыкомандалық орны жиналған ұпайлардың ең аз саны бойынша анықталады:

Міндетті спорт түрлері:

1) шаңғы жарысы (ұлдар);

2) шаңғы жарысы (қыздар);

3) қысқы президенттік көпсайыс (ұлдар);

4) қысқы президенттік көпсайыс (қыздар);

5) қысқы спорттық бағдарлау (ұлдар);

6) қысқы спорттық бағдарлау (қыздар).

                                                      4. Марапаттау

4.1. Спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

5. Гимназиаданы қаржыландыру

5.1. Гимназияның бірінші (мектепішілік, аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығындарын аудандық, қалалық білім бөлімдері, спорт бөлімдері есебінен.

5.2. Екінші (облыстық) кезеңді қаржыландыру бекітілген смета бойынша ДпҚББД ШҚ «Дарын» орталығы есебінен.

5.3. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы келісім бойынша жарыс өткізу үшін базаларды (спорт залдары, шаңғы трассалары және т.б.) қамтамасыз етеді; емдеу-дене шынықтыру диспансері қызметкерлерінің арасынан жарыс өтетін орындарда медициналық персоналдың кезекшілігін ұйымдастырады.

5.4. Командаларды жіберуге байланысты шығыстарды (тұратын орын, тамақтану, жолақысы, тәуліктік ақы) жіберуші ұйым (аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, спорт бөлімдері) төлейді.