+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРНАЙЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ
12 Қаң, 11:14

I.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың облыстық турнирінің регламенті шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың Республикалық турнирінің регламентіне сәйкес әзірленді.

2. Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді (бұдан әрі – Турнир) өткізудің мақсаттары: Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру; қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.

II. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУГЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТУ

 3. Турнирді ұйымдастыру және тікелей өткізу бойынша жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізуді ШҚО білім басқармасының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.

III. ТУРНИРДІҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ

4. Турнир 2023 жылдың 24 қаңтарында Өскемен қаласында өтеді.

IV. ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

5. Турнирге берілген өтінімдер негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатыса алады (Қосымша 1).

V. КОМАНДА ҚҰРАМЫ

6. Командалар құрамы: 7 адам – 2 ұл, 2 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Команда құрамын ұлғайтуға рұқсат етіледі.

VI. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ЖҮЙЕСІ

7. Турнир Special Olympics спорттық ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыс жеке, келесі пәндердегі орындарды тікелей анықтау жүйесі бойынша өткізіледі:

Шаңғы жарысы:

1 күн 1000 м, 500 м жарыс және 4х500 м эстафета.;

VII. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫСЫ МЕН ЖАСЫ

8. Турнирге ерлер мен әйелдер жіберіледі. Бөлу келесі жас топтарында жүзеге асырылады: 15-21 жас, 22 жас және одан жоғары.

VIII. НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

9. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Special Olympics ins ережелеріне сәйкес әр жас тобындағы дивизиондар бойынша анықталады.

ІХ. МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

10. Турнирді ұйымдастырушылар жарысты өткізу уақытына медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Х. ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

11. Барлық спортшылар допингке қарсы ДҚАкодексінің ережелерін сақтауы керек.

ХІ. САНДЫҚ ҚҰРАМЫ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

12. Төрешілер алқасы турнирдің бас төрешісінен, хатшыдан және қашықтықтағы төрешілерден тұрады.

ХІІ. ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР БЕРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

13. Өтінім қатаң түрде нысан бойынша ресімделеді (1-қосымша), оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (МӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2023 жылғы 17 қаңтарға дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

Уақтылы өтінім бермеген командалар жарысқа қатысуға жіберілмейді.

ХІІІ. НАРАЗЫЛЫҚ БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАУ

14. Наразылықтарды бас төрешілер алқасы жарыс аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей команда өкілінен қабылдайды және дереу қаралады.

ХІV. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

15. Жүлделі орындарға ие болған әр дивизиондағы жарысқа қатысушылар дипломдармен және медальдармен, командалар кубоктармен марапатталады.

XV. ҚАРАЖЫЛАНДЫРУ

16. Турнирді қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚ ҒӘ жүзеге асырады.

17. Іссапарға жіберу, сақтандыру, тамақтану, командалардың тұруы бойынша шығыстарды іссапарға жіберуші ұйымдар көтереді.

18. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, жолдағы тәуліктік жол жүру) іссапар ұйымы төлейді.

Байланыс телефоны: 8-7232-70-26-74.