Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, педагогикалық озық тәжірибені тарату, облыстың дарынды оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға даярлау мақсатында шығатын «Шығыс дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналына жазылу жүріп жатқанын хабарлаймыз.
Журналда тоқсан сайын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар, халықаралық және республикалық олимпиадалардағы жас шығысқазақстандықтардың жетістіктері, өткен шаралардың қорытындылары жарияланады. Сонымен қатар, журналда облыс педагогтарының «Ғылым - педагогке», «Іс-тәжірибемнен», «Әр түрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы...» айдарларында материалдары шығарылады.
Журнал Қазақстан Республикасы инвестициялау және дамыту бойынша Министрліктің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитеті ұсынған ақпараттық-әдістемелік басылымдар тізіміне енгізілген.
Журналдағы жарияланымдар педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге жарамды.
Журналға жазылу және тарату қалалық (аудандық) білім бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Квартал сайын шығатын журналдың бір жылға жазылу бағасы
5000 теңгені құрайды.
Журналға жазылуды рәсімдеу үшін 2023 жылдың 6 ақпанына дейін өтінімді және төлеу туралы түбіртекті priemnaya@shygysdaryn.kz. электронды поштасына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қала/аудан |
Мектеп |
Жауапты үйлестіруші |
Ұялы және жұмыс телефондары |
Журналдың №, саны |
|
|
|
|
|
|
|
Реквизит:
РНН 181600062103
ИИК KZ396017151000000348
ВК Филиал АО «Народный Банк Казахстана»
БИК HSBKKZKX
Кбе 16
БИН 990840001922
КНП 859