2012 жылдың 15 қарашасында Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Үздік жыл психологі» республикалық сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: кәсіптік құзіреттілікке ие дарынды психологтерді анықтау мен қолдау көрсету.
Сайысқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 75 шақты психолог қатысты. Шығыс Қазақстан облысының абыройын 4 психолог қорғады. Олардың барлығы жүлдегер атанды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Абдрасулова Ляззат Габдылгабаровна – Жарма ауданының №18 кешкі мектебінің психологі;
- Тагиева Индира Таваккул-қызы – Жарма ауданының №236 орта мектебінің психологі;
- Шалтаева Майра Нурбековна – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің психологі.
ІІІ дәрежелі дипломмен Зырян ауданындағы №8 орта мектептің психологі Қадырбаева Меруерт Амангельдыевна марапатталды.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы сайыстың барлық жүлдегерлерін шын жүректен құттықтайды және оларға шығармашылық шабыт пен үлкен жеңістер тілейді!