2023 жылдың 10-12 қаңтары аралығында Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында Роботтар Фестивалі өтуде.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының бірлесуімен Алматы облысының Қаскелең қаласында Сулейман Демирель университетінің базасында өткізілуде.
Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылар командасы фестивальге облыс атынан қатысып жатыр.
Қатысушыларға табыс пен жеңістер тілейміз!