+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын өткізу туралы
10 Қаң, 13:03

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24-25 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу жоспарлануда.

Байқаудың мақсаты: оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Біз, Қазақстан халқы, ортақ тарихи тағдырмен біріктірілген» номинациясы-қысқа метражды фильмдер байқауы;

- «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасының әлеуетті объектілері» номинациясы - туғанөлкенің көрікті жерлерін анықтау, оларды картада белгілеу және олардың ғылыми немесе туристік перспективаларын анықтау;

- «Қазақстанның ұлттық мерекелері» номинациясы - өз қолымен жасалған бұйымдардың шығармашылық конкурсы.

Байқауға іріктеу сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысады.

Команда құрамы қала/ауданнан -12 адамға дейін.

Қатысушылардың жасы: 7-9 сынып оқушылары.

Байқауға қатысушы немесе қатысушылар дайындаған жобалар қатыса алады (құрамында 2 адамнан артық емес). Екі және одан да көп өтінімде бір ізденушінің тең авторлығына жол берілмейді.

Бір жоба бойынша жетекшілер саны 2 адамнан аспайды.

Қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының және облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылған облыстық байқауға қатысу үшін өтінімдер, сондай-ақ қатысушылардың байқау жұмыстары 2023 жылғы 12 қаңтарына дейін Өскемен қаласы, Абай көшесі, 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының мекенжайы, 8 (7232) 75-15-53 телефоны, sporturizm@shygysdaryn.kz е-mail бойынша қабылданады.