1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мен қатысуын анықтайды.
1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі-ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын») ұйымдастырушылар болып табылады.
1.3.Чемпионаттың негізгі мақсаты «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.
1.4. Конкурстың Міндеттері:
- дарынды балаларды анықтау және қолдау;
- компьютерлік ғылымдарға, информатикаға және ақпараттық технологияларға, компьютерлік ғылымдар саласындағы математикалық аппаратқа оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандыру;
- ақпараттық мәдениетті, шығармашылық әлеуетті, алгоритмдік және логикалық ойлауды, оқушылардың қиялын дамыту;
- өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту және ынталандыру, өз бетімен білім алу және жаңа техникалық және бағдарламалық құралдарды игеру;
- «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттарында инженерия және ІТ технологиялар саласында кәсіби қызығушылықты қалыптастыру.
1.5. Чемпионатты өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Чемпионаттың жұмыс органдыры
2.1.Чемпионат дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- чемпионат өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді, жұмыстарды бағалау өлшемдерін анықтайды, байқау өткізгенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жеңімпаздарды анықтайды;
- қорытындыларды талдайды және қорытады.
2.3. Чемпионат өткізу орындарында ұйымдастыру үшін үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі педагогтар және білім беру бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.
2.4. Үйлестіруші міндеті:
- чемпионатқа қатысуға өтінімді уақытында жасау;
- чемпионат нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастыру.
3. Чемпионат қатысушылары
3.1. Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының «Жас Сарбаз» 5-11 сынып оқушылары және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары қатысады.
4. Чемпионатты өткізу тәртібі
4.1. Чемпионат Шығыс Қазақстан облысың қалалар мен аудандардың мектептерде 2023 жылдың 23 ақпанда сағат 10.00-де біржолғы Онлайн өткізіледі.
4.2. Білім бөлімі басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының, колледж директорларының қолы қойылған чемпионатқа қатысуға өтінім 2023 жылдың 10 ақпанға дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы тел. 8 (7232) 70-15-16, е-mail: or-vpv@mail.ru («Смарт Сарбаз чемпионатына өтінім» деген белгімен).
4.3. Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтиды.
4.4. Чемпионат қатысушылардың 4 жас топтары үшін жеке нұсқалар бойынша өткізіледі:
1 жас санаты - 5 сынып;
2 жас санаты – 6-7 сыныптар;
3 жас санаты – 8-9 сыныптар;
4 жас санаты – 10-11 сыныптар.
4.5. Әр жас тобына терминологияны, теорияны, ақпаратпен жұмыс істеу алгоритмдерін, бағдарламалауды, деректерді саралау және салыстыру, есептерді шешу үшін 30 тест тапсырмалары ұсынылады.
4.6. Тапсырмаларды орындауға 90 минут беріледі.
4.7. Қатысушылардың жауаптарын тексеру және бағалау автоматты түрде жүргізіледі.
4.8. Чемпионатқа қатысушыларға тапсырмаларды ұжымдық шешуге, сондай-ақ тапсырмаларды басқа қатысушыларға беруге тыйым салынады. Ұйымдастыру комитеті осы Ережені бұзған қатысушылардың нәтижелерін жою құқығын өзіне қалдырады.
4.9. Чемпионатқа қатысушыларға қосымша есеп жазбаларын жасауға және олимпиадаға қайта қатысу мақсатында басқа тәсілдермен тапсырмалар алуға тыйым салынады. Ұйымдастыру комитеті осы Ережені бұзған қатысушылардың нәтижелерін жою құқығын өзіне қалдырады.
4.10. Чемпионат басталғанға дейін координаторларға жіберілетін нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.
4.11. Ұйымдастыру комитеті нәтижелерді ескермей, жүлдегерлер тізімдерінің қорытынды хаттамаларынан шеттетілген қатысушылардың тізімін алып тастайды.
4.12. Ұйымдастыру комитеті білім беру мекемелерінің назарына әр қатысушының нәтижесін жеткізеді.
4.13. Байқау аяқталғаннан кейін ұйымдастыру комитеті жүлдегерлерді анықтайды.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Чемпионат жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.
6. Чемпионатты Қаржыландыру
6.1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырылады.
Қосымша №1
Облыстық «Смарт сарбаз – 2023»
компьютерлік таланттардың чемпионатын кашықтықтан
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
|
№ |
Аудан(қала) |
Білім беру мекемесі (телефон, е-mail) |
Қатысушы А.Ж. |
Әлеуметтік. қатысуы мәртебесі (аз қамтылған, көп балалы, ААҚҚ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
|
Оқитын тілі, Сынып |
Телефон (үй және ұялы) |
Жетекшісінің аты, жөні, тегі. Жетекші лауазымы. (жұмыс және ұялы телефоны, е-mail)
|
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы__________________________________АЖТ Қолы, мөр