ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық «Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың чемпионатын қашықтықтан (бұдан әрі – Чемпионат) өткізіледі.
Чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.
Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының «Жас Сарбаз» 5-11 сынып оқушылары және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары қатысады.
Чемпионат Шығыс Қазақстан облысың қалалар мен аудандардың мектептерде 2023 жылдың 23 ақпанда сағат 10.00-де біржолғы Онлайн өткізіледі.
Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтиды.
Білім бөлімі басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған чемпионатқа қатысуға өтінім 2023 жылдың 10 ақпанға дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы тел. 8 (7232) 70-15-16, е-mail: or-vpv@mail.ru («Смарт Сарбаз чемпионатына өтінім» деген белгімен).