+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын өткізу ЕРЕЖЕСІ
10 Қаң, 12:17

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының (ары қарай – Айтыс)  мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Айтыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырыпсалмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру, осы байқауға сәйкес жыр-терме үрдісін жаңғырту.

2. Айтыстың ұйымдастыру комитеті

2.1. Айтысты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Айтыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Айтысқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдайды;

- Айтыстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Айтыстың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Айтысты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер немесе білім бөлімдерінің қызметкерлері болуы мүмкін.

2.4. Үйлестірушінің міндеті:

- Айтысқа қатысу үшін өтінімді уақытымен беру;

- Айтыстың өткізу Ережесіне сәйкес Айтыс ұйымдастыру.

3. Айтыстың қатысушылары

3.1. Айтысқа аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары болған жалпы білім беретін мектептердің  8 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр аудан, қала және дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелері облыстық кезеңге 3 оқушыдан ұсынады.

3.2. Айтысқа қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт.

4. Айтысты өткізу және бағалау критериийлері

4.2. Айтысқа қатысушы үміткер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл мәселесі, ауыл проблемасы, оқу мен тәрбие жайы, жастар болашағы, қоғамдағы өткен және қазіргі жағдайлар туралы, Жамбыл Жабаевтың шығармашылығынан және оның айналасындағы ақын-жыраулар поэзиясынан хабардар болып, қарсыласына қолма-қол жауап бере алатындай болуы шарт. Әр жұптың айтысы 20 минуттан аспауы керек.

4.3. Қазылар алқасы бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

- айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілеті;

- суырып салмалық қасиеті;

- тақырыптан ауытқымай айтысуы;

- сахнада өзін- өзі ұстау шеберлігі.

5. Жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

5.2. Жеңімпаз дипломында оқушыны конкурсқа дайындаған жетекшінің немесе мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.

6. Конкурсты өткізу мерзімі

6.1. Айтыс 2023 жылдың 31 қаңтарында Өскемен қаласында өткізіледі.

7. Айтысты қаржыландыру

7.1. Айтысты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.

Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары  (барып - келу жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді.

Қосымша

 

«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысына қатысуға

_________________________ ауданынан

тапсырыс

Қатысушының аты, тегі

Сыныбы

Мектебі

Қатысушының байланыс телефоны

Әлеуметтік статусы

Дайындаған мұғалімнің/

жетекшінің аты, тегі (толығымен)

байланыс телефоны