2022 жылдың 21 желтоқсаны күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына және Балалар жылына орай республикалық жас патриоттарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шығыс Қазақстан облысы атынан салтанатты шараға Өскемен қаласының №47 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Сайлаубекова Іңкәр шақырылып, сыйлық пен мадақтама қағазбен марапатталды.
Іңкәр оқу озаты, «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының мүшесі, «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының бірнеше мәрте жеңімпазы, халықаралық хореография, сурет, вокал конкурстарының жүлдегері.


