+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Халықаралық MBIO олимпиадасының қорытындысы
21 Жел, 18:31

2022 жылдың 17 желтоқсаны күні 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан биология пәнінен (Mendels Biology Internаtional Olympiad 2022) халықаралық Мендель олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - жастардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиада тестілеу және тәжірибелік екі тур бойынша өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

I дәрежелі дипломмен және алтын  медальмен 10 сынып оқушысы Төреханұлы Нұртөре;

II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен 9 сынып оқушысы Алтынғазы Алмас;

III дәрежелі дипломмен және қола медальмен 10 сынып оқушысы Қадыров Әдлет пен 9 сынып оқушысы Уалиханов Ерасыл марапатталды.

 

 

Оқушыларды және олардың ата-аналарын жетістіктерімен  құттықтаймыз!

Алда табыс пен жеңістер тілейміз!