2022 жылдың 15-18 желтоқсаны аралығында Риддер қаласының № 1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Иван Грибенщиков Индонезияның Бандунг қаласында өткен «WISPO-2022» инновациялық ғылыми жобалардың Дүниежүзілік Олимпиадасына қатысты.
Жоба жетекшісі № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі Котвицкий Юрий Брониславович.
Олимпиаданың ұйымдастырушысы - Индонезияның Білім министрлігі мен Батыс Ява департаменті қолдауымен Индонезияның жас ғалымдар қауымдастығы.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде 22 елден 146 жоба тіркелді, ал финалдық іріктеуге 9 елден, біздің елді қосқанда 40 үздік жоба ғана жіберілді.
Грибенщиков Иван олимпиаданың қорытындысы бойынша «Робот-дезинфектор» жобасымен алтын медаль иегері атанып, 2023 жылы зерттеуге арналған грантқа ие болды.
Айта кетейік, Иван 2-7 сынып оқушыларының 2022 жылғы «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы.
Иванды, оның жетекшісі мен ата-анасын жоғары жеңісімен құттықтаймыз !
Келешекте сәттіліктер тілейміз!