Сингапур қаласында математикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Бұл жыл сайын Азияның әртүрлі елдерінде өтетін халықаралық жарыс. IJMO-ны SIMCC Азия елдеріндегі ұлттық математикалық қоғамдармен бірлесе отырып, әрбір SIMCC қатысушы елдегі әлеуетті жас математикалық таланттарды анықтау және ынталандыру үшін ұйымдастырады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласының математика, физика және информатика салаларындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Артем Мясников лайықты өнер көрсетіп, күміс медаль иегері атанды.
Артемді, оның ата-анасы мен тәлімгерлерін марапаттарымен құттықтаймыз!
Сізге одан әрі сәттілік пен жеңістер тілейміз!
