2022 жылдың 15 желтоқсанында ШҚО білім басқармасының жоспарына сәйкес Балалар жылына орай Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты - ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу қазақ халқының әдеби мұрасын танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау.
Конкурс екі кезең бойынша халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің базасында өткізілді.
Бірінші кезеңде әр команда Қазақстан тарихы пәнінен тестілеуден өтті, капитандар «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде қазақстандық және шетел әдебиеттерінен театрландырылған сахналық қойылым ұсынды.
Қатысушыларды жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғам қайраткерлерінен құралған білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының пікірінше барлық командалар жарыста жоғары дайындықтарымен ерекшеленді.
Жалпы есепте командалар жүлделі орындарды сарапқа салды:
Бас жүлдеге Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы ие болды.
I дәрежелі дипломмен Алтай ауданы мараппатталды.
II орынды:
- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
- Облыстық математика, физика,информатика саласындағы дарынды балаларға арналған маманданддырылған мектеп лицейі.
III орынды :
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі;
- Өскемен қаласы командасы;
- Самар ауданының командасы бөліп алды.
Жеңімпаз командалар дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Келешекте табыс тілейміз!











