«Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде «Елбасы Академиясы» қорымен Астана қаласында «Оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I Республикалық психологиялық форум-семинары өтті. Онда балалардың қабілеттері мен таланттарын анықтауға, қолдауға және дамытуға байланысты психологиялық-педагогикалық әдістемелердің заманауи жүйелері талқыланды.
Семинардың жалпы отырысының бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Оспанова Н., Тұңғыш Президент Қоры атқарушы директорының орынбасары Марғұланұлы Ә., сондай-ақ ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттеріне негізделген қабілеттерді диагностикалау әдістемелерін - "4К", бірыңғай әдістемелерін әзірлеудің атақты авторлары, кандидаттар, психология ғылымдарының профессорлары сөз сөйледі.
Семинардың екінші бөлімінде жұмыс секциялар бойынша өтті. «Qabilet» өңірлік қызметтерінің қызметкерлеріне, психологтарға арналған, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс-Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының педагог-психологы Ж. Е. Баирова баяндама жасап, «Qabilet» қызметінің Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс тиімділігін" атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысында жобаны іске асыру басталғаннан бері 10-11 жас аралығындағы дарындылықты диагностикалау бойынша 20 146 оқушы тест тапсырды, оның ішінде 70-тен астам балл жинаған 34 оқушы диагностиканың екінші кезеңінен өтті.
Әдістеме авторлары, "Qabilet" қызметі жобасының тренерлері «Qabilet» қызметтерінің педагог-психологтары мен Қазақстан өңірлерінен келген мектеп психологтары үшін тақырыптық тренингтер мен мастер-класстар өткізді.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға семинарға қатысқан үшін сертификаттар табыс етілді.
