+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадасының қорытындысы
06 Жел, 14:19

2022 жылғы 4-5 желтоқсанда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында информатикадан XIV Еуразиялық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту. Олимпиада екі тур бойынша өткізілді: іріктеу және қорытынды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Ахметов Әлішер III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

 

Әлішерді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік пен жеңістер тілейміз!