Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 29 қарашада Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шебері облыстық қашықтық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты:жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, оның әдебиет әлеміне енген рухани мұрасын зерттеу, әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Байқауға облыстың жалпы білім беру мекемелерінің 59 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 32 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: I орын - 6, II орын– 12, III орын - 14.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!