Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Облыстық жарыстар ҰМЛ аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаз оқушылары арасында келесі спорт түрлері бойынша өткізіледі:
- «Шұбар доп» волейбол (ұлдар, қыздар);
- «Алтын доп» баскетбол (ұлдар, қыздар);
- «Теңбіл доп» футзал (ұлдар, қыздар);
- Тоғызқұмалақ (ұлдар, қыздар);
- Асық ату (ұлдар);
- Бес асық (қыздар);
- «Ақбозат» шахмат (ұлдар, қыздар).
Қатысушылардың болжамды саны 500-ге жуық оқушы.