+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар жылына арналған «Жыл оқушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02 Жел, 11:57

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша балалар жылына арналған «Жыл оқушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Өзара мықтыны анықтаған байқау өз мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әртүрлі салаларында өзіндік зерттеу, шығармашылық жұмысқа тарту және жеке қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.

Байқауға жас санаттары бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының 6-11 сыныптардың 13 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер атанды. Байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Әр жас санатындағы жеңімпаздар конкурстың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан бақ сынайтын болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, баршаңызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!