+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01 Жел, 18:12

2022 жылдың 28-30 қараша аралығында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойынша отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгіру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау.

Байқау 6 номинация бойынша ұйымдастырылды:

- шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауып беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);

- көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);

- эссе жазу;

- ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);

- ақындар айтысы;

- ақындар мүшәйрасы.

Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын - Асхатқызы Райхан (Зайсан ауданы, «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ);

ІІІ орын – Дәлелхан Айым (Күршім ауданы, «Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия» КММ);

Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың грамотасымен Асылбек Аймерей (Өскемен қаласы, «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ) марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!