+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауынның ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01 Жел, 15:09

2022 жылғы 29 қарашада жалпы білім беретін ұйымдар арасында өткен IV Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңінің жеңімпазы Ұлан ауданы, «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып оқушысы Ерболат Елбақыт қатысты.

Байқаудың мақсаты: шешендік өнер арқылы білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау; сөз құндылығын бағалауға, тарихи-мәдени және ұлттық болмысын тануға, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.

Байқау қорытындысы бойынша ерекше өнер көрсеткені үшін Сырым шешен атындағы арнайы жүлдемен және ақшалай сыйлық сертификатымен (20 000 теңге)  марапатталды.

Елбақытты құттықтаймыз және келешекте шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!