+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқаудың ҚОРЫТЫНДЫСЫ
25 Қар, 19:27

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау, өңіріміздегі халықтар өнерінің көпұлтты дәстүрлерін насихаттау.

Фестиваль-байқауға облыстың жалпы білім беретін мекемелердің 245 оқушысы қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Халық биі, халықтық стиліндегі би»;

2) «Заманауи би, эстрадалық би»;

3) «Жеке би, трио, дуэт».

Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

4-10 жас санатындағы «Заманауи би, эстрадалық би» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің» КМҚК «Unity» хореографиялық ұжымы;

І орын – Өскемен қаласы, «№37 көпбейінді орта мектебінің» КММ «Шанс» би тобы;

І орын – Өскемен қаласы, «Азамат» балабақша-бөбекжайы» мектеп жасына дейінгі мекемесінің» «Мұрагер» тобы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі жанындағы «Құлыншақ шағын-орталығының» КММ «Балдырған» тобы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің» КМҚК «Random» хореографиялық ұжымы;

ІІ орын – Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінің» КМҚК «Айкөркем» би ұжымы;

ІІ орын -  Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің» КМҚК «Алақай» хореографиялық ұжымы

ІІІ орын – Өскемен қаласы, «УСПЕХ-GOLD-8» ЖШС  «Алтын бесік» балабақшасының «Веселые нотки» тобы;

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің» КММ би ұжымы;

ІІІ орын - Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінің» КМҚК «Тұмар» би ұжымы.

4-10 жас санатындағы «Халық биі, халықтық стиліндегі би» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Зайсан ауданы,  «Балалар музыка мектебінің» КМҚК «Шуақ» би тобы;

І орын -  Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің» КМҚК «Подснежник» хореографиялық ұжымы;

ІІ орын - «№37 көпбейінді орта мектебі жанындағы «Ромашково» шағын-орталығының» КММ «Ромашково» би ұжымы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «№45 «Болашақ» балабақша-бөбекжайының» КМҚК «Сюрприз» хореографиялық ұжымы;

ІІІ орын - Өскемен қаласы, «№9 «Арман» балабақша-бөбекжайының» КМҚК «Еркетай» би тобы;

ІІІ орын - Өскемен қаласы, «Азамат» балабақша-бөбекжайы» мектеп жасына дейінгі мекемесінің» «Гүлдерай» тобы;

ІІІ орын – Глубокое ауданы, «Глубокое кентінің балалар шығармашылығы үйінің» КМҚК «Альянс» би тобы.

11-17 жас санатындағы «Халық биі, халықтық стиліндегі би» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебінің» КМҚК «Жауқазын» би тобы;

І орын – Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебінің» КМҚК «Шуақ» би тобы;

ІІ орын – Шемонаиха ауданы, «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК «Феерия» хореографиялық ұжымының «Uni-dance» және «Mix» топтары;

ІІ орын – Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебінің» КМҚК «Алау» би тобы;

ІІІ орын - Тарбағатай ауданы, «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің» КММ би ұжымы;

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, «М. Әуезов атындағы орта мектебінің» КММ «Самғау» би тобы;

ІІІ орын - Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінің» КМҚК «Шұғыла» би ұжымы.

«Жеке би, трио, дуэт» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК Мирғали Нұрай (жеке би);

І орын – Алтай ауданы, «Мәдениет орталығы» мекемесінің «Созвездие» триосы;

І орын - Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК Байботанова Дильназ (жеке би);

ІІ орын - Зайсан ауданы, «Балалар музыка мектебінің» КМҚК «Алау» триосы;

ІІ орын – Тарбағатай ауданы, « К. Қайсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің» КММ «Ғажайып» триосы;

ІІ орын - Тарбағатай ауданы, « К. Қайсенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Каирова Зарина (жеке би);

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ  Ақанова Гүлім (жеке би);

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы, «Б. Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ «Аққу» дуэті.

Фестиваль-байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреат кубоктары мен дипломдары табыс етілді. Гран-при жеңімпаздары ақшалай сертификат иегерлері атанды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!