+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 Қар, 16:56

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қарашада  Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, оның әдебиет әлеміне енген рухани мұрасын зерттеу, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, оқушыларды интеллектуалды және шығармашылық даму құралы ретінде театр іс-әрекетінің әртүрлі формаларына тарту.

Байқауға облыстың қазақ тілінде білім беретін жалпы білім беру мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

І орын Өскемен қаласының командасы («Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ, « А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ,  З. Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ);

ІІ орын –  Зайсан ауданының командасы («Көгадай орта мектебі» КММ);

ІІ орын Глубокое ауданының  командасы («Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ);

ІІІ орын Самар ауданының командасы («Абай атындағы орта мектебі» КММ);

ІІІ орын Риддер қаласының командасы («№16 орта мектебі» КММ);

ІІІ орын Алтай ауданының командасы («Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ).

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

 

 

 

 Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!