ШҚО білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 25 қарашасында «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқауын өткізеді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау, біздің өлкеміздің халықтары өнерінің көпұлтты дәстүрлерін насихаттау.
Байқауға ұжымдар, солистер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер келесі номинациялар бойынша қатысады:
- халық биі, халықтық стиліндегі би;
- заманауи би, эстрадалық би;
Өтетін орны: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 4, «Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК музыкалық мектебі.
Жеңімпаздарға 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар мен кубок табысталады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, 8(7232)76-26-91 телефоны бойынша хабарласуға болады.