Өткізу орны: Өткізу уақыты мен күні:
ШҚО жеңіл атлетикадан МБЖОРМ, 2022 жылғы 29 қараша,
Өскемен қ.,Сәтпаев даңғылы, 82/2 сағат 10.00
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында Өскемен қаласында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Облыстық жарыстар ҰМЛ аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаз оқушылары арасында келесі спорт түрлері бойынша өткізіледі:
- «Шұбар доп» волейбол (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- «Алтын доп» баскетбол (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- «Теңбіл доп» футзал (9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- Тоғызқұмалақ (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- Асық ату және бес асық Асық ату (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- Үстел теннисі (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- «Ақбозат» шахмат (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар);
- «Ұшқыр доп» гандбол(5-6, 7-8 сынып, ұлдар, қыздар);
- Жеңілатлетикалық кросс (5-6, 7-8, 9-11 сынып, ұлдар, қыздар).
2022 жылғы 29 қарашада сағат 10.00-де ҰМЛ-ның облыстық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Қатысушылардың болжамды саны 500-700 оқушы.
Құрметті қонақ ретінде батут гимнастикасынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі, синхронды батут гимнастикасынан Әлем чемпионы - Грачёв Игорь Игоревич шақырылды.
ҚР ОАМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК
бас директоры Сагдат Кабирович Садыков бейне байланысқа шығады.
Рәсім барысында қалалар/аудандар қатысушы командалардың шеруі өтеді. Сондай-ақ, «Жұлдыз» Балалар өнер мектебінің аспаптық ансамблі, вокалистері мен хореографиялық ұжымының өнер көрсетуі жоспарлануда.
Іс-шараны жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін салтанатты ашылуына шақырамыз.
Қосымша ақпарат: тел.: 8/7232/75-15-53, 8 777 9842646.