Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26 қарашасында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау.
Бұл конкурс өзекті және перспективалық ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды біріктіреді.
Облыстық кезең халықаралық практикаға сәйкес ашық көрме форматында ұйымдастырылады.
Конкурс қатысушылары: облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары - қалалық (аудандық) кезеңнің жеңімпаздары.
Конкурс 4 бағыт, 16 секция бойынша өткізіледі:
1. физика;
2. техника;
3. жер және ғарыш туралы ғылым;
4. математика;
5. қолданбалы математика;
6. экономика;
7. информатика;
8. химия;
9. биология;
10. қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы;
11. тарих;
12. адам және қоғам;
13. өлкетану;
14. әдебиет;
15. этномәдинеттану;
16. тіл білімі.
Облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушыларынан құралған білікті қазылар алқасы, қатысушылардың жобаларын бағалайды және Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарын 2022 жылы 26 қарашасында сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін шараға қатысуға Жастар 31/3 көшесінде орналасқан №47 жалпы білім беретін мектебіне шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/70-02-44 телефонына хабарласуға болады.