+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Үздік мектеп медиаторы» республикалық байқауындағы ШҚО оқушысының жеңісі
16 Қар, 18:18

2022 жылғы 16 қарашада «Үздік мектеп медиаторы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты - білім беру ортасында туындайтын даулар мен жанжалдарды реттеудің баламалы тәсілі ретінде, білім беру қоғамдастығында медиация рәсімін танымал ету, оқушылардың кәсіптік бағдарлау өзін-өзі анықтауы.

Қазылар алқасы бірауыздан Зайсан ауданы «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ 11 сынып оқушысы Раджанұлы Санжарды жинаған ұпайына сәйкес жеңімпаз деп таныды.

Байқау жұмыстары келесі бағыттар бойынша бағаланды:

- «Жанжал және оны шешу» суреттер байқауы;

- Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер байқауы;

- Мектеп медиация бейнефрагменттер байқауы;

- «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.

Санжарды республикалық байқаудағы жетістігімен құттықтаймыз!