+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы
12 Қар, 09:31

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізіп жүрген мұғалімдердің және педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және шығармашылықтарын көрсете білуге жағдай жасау үшін облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалін өткізеді.

Облыстық кезеңнің іріктеу айналымына 64 жұмыс қатысуға жіберілді. Қазылар алқасының шешімімен 32 жұмыс облыстық кезеңге іріктеліп алынды.

Облыстық фестиваль 2012 жылғы 13 қарашада Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 мекен жайы бойынша (№19 мектеп-кешен). Қатысушыларды тіркеу сағат 13.30-да, секциялардың жұмысы  сағат 14.00-де басталады.

Облыстық фестивальге қатысушылардың тізімі қоса беріледі.