2022 жылдың 10-11 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы 8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық Әбіш оқуларына қатысты.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоржыны келесі жүлделермен толықты:
ІІ орын – «Мәнерлеп оқу» номинациясында Глубокое ауданы, М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Данияр Гүлім;
ІІІ орын – «Жобалар байқауы» номинациясында Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының 9 сынып оқушысы Жанпеисов Шыңғыс;
ІІІ орын – «Сахналық қойылым номинациясында» Өскемен қаласы, Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушылары Абдолда Мәдина, Зақанова Аяна, Төленді Қасым, Ермекұлы Мұхаммед, Қайырбеков Мадияр иеленді.
Жеңімпаздар ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ІІ орынға 50 000 тенге, ІІІ орынға 30 000 тенге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!
