2022 жылдың 01-03 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық қашықтық инновациялық идеялардың конкурсына қатысты.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 9 жеңімпазы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясында І орынды Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Гребенщиков Иван иеленді.
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаз дипломдарының, басшылардың алғыс хаттарының, қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтта орналастырылған.
Жеңімпазды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!
