+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы.
10 Қар, 18:31

2022 жылдың 10 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға 8-11 сыныптарының аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 8 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 1 оқушы, II орын - 2 оқушы, III орын - 5 оқушы).

Жеңімпаздар тізімі  https://shygysdaryn.kz  сайтында орналасқан.

 

 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!