+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Балалар жылына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсын өткізу туралы
08 Қар, 15:27

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Балалар жылына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылдарға дайын болу, қазақ халқының әдеби мұрасын танымал ету.

Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (2022 жыл қараша);

Екінші кезең – облыстық (2022 жыл қараша-желтоқсан).

Конкурс екі тур бойынша өтеді.

1 тур:

  1. Капитандар конкурсы – эссе,«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» жалпы тақырып аясында;
  2. Команданың қалған мүшелері үшін - тестілеу.

2 тур:Театрландырылған-сахналық қойылым – командалық қатысу.

Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген үлгіге сай сұранысты 2022 жылғы 24 қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберу қажет: Өскемен қ. Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz.

Сұраныс үлгісі:

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

Аудан/қала

Білім беру ұйымы

Оқыту тілі

Сыныбы

Қатысушының әлеуметтік статусы

Жетекшінің тегі, аты-жөні, ұялы телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

! Әр аудан/қала, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың  сандық құрамы 10 қатысушы. Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.

Қосымша ақпаратты 8(7232) 700-244 нөмірінен алуға болады.