+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Балалар жылына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының Ережесі
08 Қар, 15:20

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Балалар жылынаарналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО) болып табылады.

3. Конкурстың мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылдарға дайын болу, қазақ халқының әдеби мұрасын танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау.

4. Конкурстың негізгі міндеттері:

-   адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

- оқушылардың адамгершілік-рухани және зияткерлік-шығармашылық қызметін жандандыру;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;

- оқушыларды сахналық өнерге баулу;

- оқушылардың өз бетінше әдеби шығармашылық процесіне тарту арқылы олардың әдеби және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- шығармашылық дарынды балаларды анықтау және қолдау.

Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;

- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу нысанын айқындайды;

- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды.

Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Конкурсқа қатысушылар

6. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 оқушылары қатысады.

4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Конкурс Балалар жылына арналған іс-шара шеңберінде өткізіледі, балалар әдебиеті және Қазақстан тарихы бойынша жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

8. Конкурс екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (2022 жыл қараша);

Екінші кезең – облыстық (2022 жыл қараша-желтоқсан).

9. Конкурсқа қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2022 жылғы 24 қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz.

Сұранысқа аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі қоса тіркеледі.

10. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың  сандық құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 жетекші.

Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.

5. Конкурсты өткізу шарттары

11. Конкурс екі тур бойынша өтеді.

1 тур:

  1. Капитандар конкурсы – эссе, «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» жалпы тақырып аясында;
  2. Команданың қалған мүшелері үшін - тестілеу. Команданың әр қатысушысы 30 сұрақ шешеді (жазбаша). Тапсырмалар Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақтарды қамтиды.

2 тур: Театрландырылған-сахналық қойылым – командалық қатысу. Орындау ұзақтығы әр команда үшін - 10 минуттан артық емес. Әр командаға театрландырылған-сахналық қойылым тақырыбы ұсынылады.

Сахналық қойылым тақырыптары

Қала/аудан

Сахналық қойылым тақырыптары

  1.  

Өскемен қ.

Эпостық жырлар «Алпамыс батыр» жыры

  1.  

Риддер қ. 

Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»

  1.  

Зайсан ауданы

С. Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит»

  1.  

Катонқарағай ауданы

Б. Майлин «Өтірікке бәйге»

  1.  

Самар ауданы

М. Әуезов «Көксерек»

  1.  

Күршім ауданы

Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты»

  1.  

Ұлан ауданы

С. Бегалин «Сәтжан»

  1.  

Алтай ауданы

Ж. Верн «Капитан Гранттың балалары»

  1.  

Глубокое ауданы

Ш. Айтматов «Ерте қайтқан тырналар»

  1.  

Тарбағатай ауданы

Б. Соқбақбаев «Балалық шаққа саяхат» немесе «Менің атым Қожа»

  1.  

Шемонаиха ауданы

Д. Дефо «Робинзон Крузо»

  1.  

Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі

Дж. Лондон «Белый клык»

  1.  

Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі

М. Твен «Приключения Тома Сойера»

  1.  

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

  1.  

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған      «Білім-инновация» лицейі

С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

  1.  

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Ө. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат».

  Театрландырылған-сахналық бейне қойылымды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, елу ұпайлық жүйе бойынша бағалайды:

  1. Орындаудың уақыт шеңберін сақтау;
  2. Тақырыпқа сай және мазмұнының терең ашылуы;
  3. Креативтілігі (сюжеттің түпнұсқалылығы, ойлаудың оралымдылығы);
  4. Бейнелілігі, әртістілігі. Көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі;
  5. Тіл сауаттылығы, тілдің нақтылығы және мазмұндау стилі;
  6. Сахналық костюмдер, деректемелер және декорациялар.

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

12. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына: ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері кіреді.

13. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі турдың қорытындысы бойынша анықталады. Байқаудың жеңімпаз командалары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

14. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.

7. Қаржыландыру

15. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

16. Қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің қаражаты есебінен өтеледі.

№1 Қосымша

Балалар жылынаарналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсына қатысуға Өтінім

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

Аудан/қала

Білім беру ұйымы

Оқыту тілі

Сыныбы

Қатысушының әлеуметтік статусы

Жетекшінің тегі, аты-жөн Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8