+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық шахмат турниріне ШҚО бойынша қортындысы
08 Қар, 17:39

 

2012 жылдың 7 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының шахматшылар командасы Республикалық ғылыми - практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Щучинск қаласында мектеп оқушылары арасында өткен VII Республикалық Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов Кубогына қатысты.

Турнирдің мақсаты:

- дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету;

- оқу – үйрену әрекеттеріне жағдай жасау;

- оқушылыр арасында шахмат ойынын насихаттау және кеңінен тарату.

Шығыс Қазақстан облысының команда құрамы:

1) Мұкатаев Жандос – Аягөз ауданы №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

2) Сексенбаева Аружан –Аягөз ауданы №3 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

3) Ерланкызы Рабиана – Зайсан ауданы М. Ломоносов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы;

4) Калиаскарова Арайлым – Аягөз ауданы №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

5) Ахметбек Али - Өскемен қаласы №38 мектеп – гимназиясының 8 сынып оқушысы;

6) Мұратұлы Мағжан – Аягөз ауданы №5 орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Алғаш рет республикалық турнирдің қортындысы бойынша ІІ - ші жүлделі орынды Қалиаскарова Арайлым иеленді.

Әли Ахметбек, Аружан Сексембаева, Мұратұлы Мағжан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қатысушылар мен жетекшілерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз. Оқуда табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!