2022 жылдың 3-5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Тараз қаласында өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
Республикалық конкурсқа облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық кезең 2 турда өтті: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша (видео – репортаж, видео, макет, эссе).
Конкурс аясында балалар шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар бейнерепортаждар ұсынып, туған өлкесінің тарихы, оның көрікті жерлері туралы эссе жазды. «Менің кішкентай Отанымның болашағы» тақырыбында макеттер қорғады.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Манарбекова Ақнұр марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Зайсан ауданы Қаратал орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ынтымаққызы Айман;
- Зайсан ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дүйсебаева Қарақат.
«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясында көрсеткен ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10 сынып оқушысы Раимханова Малика марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!